АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 25 кәсіпорын мыңнан аса жұмыскерге жалақы төлемеген, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 500-ден астам жұмысшының құқын қорғады.
"Республиканың 25 кәсіпорнында 1,1 мың жұмыскерге 164,7 млн теңгеден астам сомаға жалақы қарызы бары анықталды. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 11 нұсқама беріліп, 1,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - дейді ведомство.
Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 500-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалып, 130 млн теңге төленді.