АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Орал қаласында сауда орталықтарының қызметкерлері мен студенттерді тонаған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық топ жастарды тонап, ақша бопсалаған. Қазіргі кезде бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамалды. Олардың барлығы – колледж студенттері.
Полиция қылмыстық топқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға кірісті. Қазіргі кезде оларды жедел іздестіру шаралары басталды.
Тәртіп сақшылары ұсталған топтан зардап шеккен адамдар бар болса, оладан дереу полицияға хабарласуды сұрайды.