Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болды

Одан бөлек тағы сегіз әлемдік жұлдыз елші атанды
Sputnik
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Бүгін Халықаралық көші-қон ұйымы жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды.

"Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқығы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық", - деп мәлімдеме жасады Құдайбергенов.

Одан бөлек тағы сегіз әлемдік жұлдыз елші атанды.
БҰҰ Көші-қон агенттігінің аймақтық ізгі ниетті елшісі
Халықаралық көші-қон ұйымы – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. Халықаралық көші-қон ұйымы Біріккен ұлттар ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылған.