Бектенов "Шеврон" компаниясын қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырды

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов "Шеврон" компаниясының еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесті
Sputnik
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Олжас Бектенов Дерек Магнесспен кездесуінде инвесторларды жергілікті қамтуды дамытуға көмектесуге шақырды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Операторлардың қажеттіліктері үшін өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен тығыз қарым-қатынас қажет. Бұл ретте егер елде қажетті тауарлар немесе жабдықтар өндірілмесе, онда біз осы өндірістерді алдағы 2-3 жылда Қазақстан аумағында локализациялау жөніндегі нақты жоспарларды көргіміз келеді. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты қайта қарауды өтінемін", — деді Бектенов.
Премьер-министр республикада ауқымды экономикалық реформалар жүргізіліп жатқанын айтты. Олар жалпы ішкі өнімнің жыл сайын 6%-ға және одан да жоғары өсімін қамтамасыз етуі тиіс.
"Үкімет инвесторларға инвестициялық жобаларды дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайды және қажетті қолдау көрсетеді. Өз кезегінде біз серіктестерімізден жергілікті әлеуетті барынша пайдалануды, технологиялар трансфертін, шикізатты терең өңдеуді көздейтін бірлескен жоспарларды уақытылы іске асыру бойынша белсенді іс-қимылдарды күтеміз", — деді үкімет басшысы.
Тараптар мұнай-газ саласы мен мұнай химиясын дамытудың өзекті мәселелерін де талқылады.
Олар сондай-ақжаңа өндіріс нысандарын іске қосуды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуды, мұнай-газ саласы мен мұнай химиясын дамытудың өзекті мәселелерін сөз етті.
Бектенов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикада ауқымды экономикалық реформалар жүргізіліп жатқанын айтты. Олар жалпы ішкі өнімнің жыл сайын 6%-ға және одан да жоғары өсімін қамтамасыз етуі тиіс.
"Үкімет инвесторларға инвестициялық жобаларды дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайды және қажетті қолдау көрсетеді. Өз кезегінде біз серіктестерімізден жергілікті әлеуетті барынша пайдалануды, технологиялар трансфертін, шикізатты терең өңдеуді көздейтін бірлескен жоспарларды уақытылы іске асыру бойынша белсенді іс-қимылдарды күтеміз", — деді Бектенов.
"Премьер-министр Теңіз кен орнында сағалық қысымды басқару және болашақ кеңейту жобаларының сәйкесінше 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталуын қамтамасыз ету керектігін айтты", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бектенов үкімет Қарашығанақ кен орнын игеруге үлкен мән беріп отырғанын атап өтті. Бұл ретте мұнай мен конденсат өндіруді жылына ең кемі 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру негізгі басымдық болып отыр.
"Қарашығанақта қуаты жылына 4 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру туралы тұжырымдамалық шешім кен орнының болашақ дамуы үшін маңызды екенін атап өткім келеді", — деді Бектенов.
Өз кезегінде Дерек Магнесс "Шеврон" компаниясының Қазақстанмен барлық мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға әзір екенін растады.