АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірінің "Diwan Amiri" сарайына барды, деп хабарлады Ақорда.
Резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.