Пара алды деген күдікпен Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды

Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады
Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Бұған дейін БАҚ беттерінде Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Агенттік өзге ақпарат жария етілмейтінін жеткізді.
Еске сала кетейік, Шапағат Әубәкір өткен жылдың 19 қаңтарында Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалған еді.