АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны 2023 жылғы желтоқсанның аяғында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға азайып, 709,8 мың адамды құрады. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметі хабарлады.
"Жұмыссыздар саны жұмыс күшінің 0,8 пайызын құрайды, 2022 жылы бұл көрсеткіш 0,9 пайызды құрады", - делінген комиссия хабарламасында.
Сонымен бірге, ЕЭК статистика департаментінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 2023 жылғы желтоқсанның аяғында жұмыссыздар саны 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өсті. Егер сол кезде республиканың жұмыспен қамту қызметінде 132,3 мың адам есепте тұрса, бір жылдан кейін 168,9 мың адам болды, бұл республиканың еңбекке жарамды халқының 1,8 пайызын құрады.
ЕЭК статистикасына сәйкес, Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстанда жұмыссыздар саны іс жүзінде азайды. Олардың бағалауы бойынша, Армениядағы жұмыссыздар саны 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін 2,6 мыңға азайып, 46 мың адамды құраған.
Ресейде 2022 жылдың аяғында 564,1 мың жұмыссыз тіркелген, ал бір жылдан кейін - 424 мың немесе жұмыс істейтін халықтың 0,6%-ы. Қырғызстанда бұл төмендеу, 0,3%-ды құрады – 74,7-ден 67,6 мың адамға дейін.
Беларусь бұған дейін ЕАЭО-дағы жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейін көрсеткен – 2022 жылы республикадағы жұмыссыздар саны 4,6 мың адамды, ал 2023 жылғы желтоқсанда – 3,3 мың адамды құрады.