Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топтың тағы 8 мүшесі ұсталды – видео

Сондай-ақ олардың "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның объектілерінен тауарлар мен материалдарды ұрлағаны анықталды
Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысында тұтас бір қаланы үрейде ұстаған қылмыстық топтың тағы бірнеше мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz
Былтыр желтоқсан айында Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынған болатын. Барлығы ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу бойынша жауапқа тартылды. Ал тергеу кезінде жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталды.
Сондай-ақ олардың "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның объектілерінен тауарлар мен материалдарды ұрлағаны анықталды.
Осыдан кейін Қарағанды облысының полицейлері ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Qarmet АҚ-ның жұмыскерлері мен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтаудың екінші кезеңін өткізді. 13 ақпанда қылмыстарға қатысы бар тағы да 8 адамды ұстады.
Тінту кезінде тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрілер және діни кітаптар тәркіленді.