АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Атырау облысындағы Жылыой ауданында күкірт тиелген вагондар жолдан шығып кетті, облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Төтенше жағдай бүгін түнгі сағат 03:25-те "Құлсары" станциясына жақын жерде болған. "Теңізшевройл" компаниясына тиесілі тепловоздың 7 вагоны рельстен жартылай шығып кетті. Тепловозда жалпы саны 62 вагон болған.
"Вагондарда күкірт тиелгені анықталды. Бірақ күкірт далаға төгілмеген. Зардап шеккендер жоқ", - дейді департамент мамандары.
Вагондарды рельске қою үшін "Қазақстан темір жолы" компаниясының қалпына келтіру пойызы оқиға орнына барды.