Астананың бас санитар дәрігері адамдар көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берді

Сархат Бейсенова қала тұрғындарын жаппай іс-шараларға қатыспауға шақырды
Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарын адамдар көп жиналатын орындарға бармауға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қалада ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулар өршіп кетті. Осыған байланысты бас мемлекеттік санитариялық дәрігер 8 ақпанда арнайы қаулы шығарды. Оған сәйкес, халық көп жиналатын жерлерде бетперде пайдалану қажет.
"Біз әуежайлар, теміржол вокзалдары, базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктер туралы айтып отырмыз. Сондай-ақ маскаларды қоғамдық көліктің барлық түрінде қолдану ұсынылады", - деді Бейсенова бүгінгі брифингте.
Сонымен қатар ол қала тұрғындарын жаппай іс-шараларға қатыспауға шақырды, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерге балалармен бармаған жөн.
Айта кетері, Астанада тұмауды жұқтырғандардың саны артып келеді. Бұдан бөлек, ересектер арасында қызылша ауруы өршіп кетті.
Астанада ересектер арасында қызылша ауруы өршіп кетті