300-ге жуық фермер 5 проценттік кредит алды – министрлік

Аграрлық несие корпорациясына 35 млрд теңге бөлінді
Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі билығы егіс науқанын ерте қаржыландыру мақсатында "Кең дала" бағдарламасының операторына екінші траншты аударды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Аграрлық несие корпорациясы қаңтар айында бюджеттік несиенің бірінші траншы - 15 млрд теңгені алған болатын. Ал екінші траншпен бірге қаржының сомасы 35 млрд теңгеге жетті.
"Кең дала" бағдарламасы шаруалар 5 проценттік кредитті рәсімдей алады. Осы ақшаға топырақты дайындауға, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсетуге, қажетті материалдар, тұқымдар мен тыңайтқыштарды сатып алуға мүмкіндік бар.
Қазіргі кезде фермерлерден 62,6 млрд теңгеге 1,8 мың өтініш келіп түскен. 294 өтінім мақұлданып, 12,4 млрд теңгенің кредиті берілді. Аграрлық несие корпорациясы қалған өтінімдерді қарап жатыр.
Айта кетері, биыл егін егу және егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен несиелендіру үшін 140 млрд теңге қарастырылған.