АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. ҰҚШҰ бірлескен және арнайы оқу-жаттығулары 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан аумағында өтеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы Андрей Сердюков мәлімдеді.
Оның айтуынша, Орталық Азия аймағындағы ұжымдық қауіпсіздікті Қырғыз Республикасының аумағында өткізу жоспарланып отыр:
"Өзара іс-қимыл 2024" ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен (ҰЖӘК) командалық-штабтық оқу-жаттығуы;
"Іздеу 2024" арнайы барлау оқу-жаттығуы;
ҰҚШҰ әскерлерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштеріне арналған "Эшелон-2024" арнайы оқу-жаттығуы.
Тәжікстанда 2024 жылдың қазан айына жоспарланған іс-шаралар:
Орталық Азия өңірі (ОАӨ) ҰЖӘК қолбасшылығымен жедел жиын;
ОАӨ ҰЖӘК бөлімшелерімен "Шекара-2024" бірлескен оқу-жаттығуы.
Қыркүйек-қазан айларында Қазақстан аумағында ҰҚШҰ бітімгерлік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы жоспарланған.
"Жыл соңына дейін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қолдану бойынша ұжымдық шешімдерді қабылдау және іске асыру алгоритмі толығымен әзірленеді", - деді Сердюков.
Оның айтуынша, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын дамытудың өзекті мәселелерін зерделеу үшін қорғаныс ведомстволарын, оқу-әдістемелік және ғылыми ұйымдарды тарту тәжірибесін жалғастырады.
ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы оқу-жаттығулардың белсенді кезеңдерінде "ҰҚШҰ-ға кірмейтін мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдерінің" қатысуы қарастырылған.