АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында бір жыл бұрын ұсталған браконьерлер сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2023 жылдың басында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сібір еліктерін өнеркәсіптік ауқымда браконьерлік жолмен атып алумен айналысқан Петропавл қаласының үш тұрғынын ұстады.
Тексеріс барысында ВАЗ-2115 автокөлігінен тіркелмеген тегіс ұңғылы екі мылтық пен төрт Сібір елігінің тұтас еті табылды.
Одан әрі жедел іздестіру іс-шаралары барысында саяжай учаскелері бірінде қойма мен мүшелеу цехы анықталды. Бұл жерден полицейлер жануарлардың 2 тұтас етін, 40 тері, 12 бас пен 119 тұяқ тәркіледі. Қылмыстық топқа тағы бір солтүстікқазақстандықтың қатысы бары анықталды.