Қызылордада оқушы көз жұмды

Оқушының мәйіті көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде табылған
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Қызылордада Белкөл кентінде оқушы белгісіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқушы 9-сыныпта оқыған. Ал қайғылы оқиға 12 ақпанда болған. Ал қайтыс болған оқушының мәйіті көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде табылған.
"Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге кәмелетке толмаған жасөспірімнің мәйіті жеткізілген. Аталған дерек бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар жасалады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Тұрғындардың айтуынша, жасөспірімнің ажалына қатарласымен болған жанжал себеп. Ал полиция өзге ақпарат беруден бас тартты.