Қосылған құн салығы көтерілмейді – премьер

Қосылған құн салығы көтерілмейді – премьер
Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы, яғни НДС-тың ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табуымыз керек", –деді Бектенов үкімет отырысында.
Бұған дейін жаңа салық кодексі аясында қосылған құн салығының мөлшерлемесін қазіргі 12 проценттен 16 процентке дейін көтеру жоспарлнған болатын. Алайда мұндай фискалдық саясат кәсіпкерлердің де, мемлекет басшысының да, ел премьер-министрінің де көңілінен шықпады.