АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Дмитрий Малахов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дмитрий Малахов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігін Жанат Элиманов басқарған болатын. Тоқаев оны ұлттық қауіпсізік комитетінің бірінші төрағасы қызметіне ауыстырды.
Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Көкшетау қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолы
2004-2019 жылдары ішкі істер министрлігі, қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік және орталық аппаратының департаменттерінде басшы орынбасары болды;
2019-2020 жылдары қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің жедел департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2020-2022 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды.
2022-2023 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2023-2024 жылдары қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болды.