"Мектепте атыс болады": хабарлама авторы анықталды

Оқушының ата-анасы жауапқа тартылады
Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысындағы мектептерде адамдарды жаппай атамын деп таратылған үрейлі хаттардың авторы ұсталды.
Ол Қарағанды қаласының 13 жастағы тұрғыны болып шықты. Хабарлама авторы Telegram арнасында "Очищение Караганды" атты топ құрып, онда жантүршігерлік жазбалар жариялаған.
Оны бұған әлеуметтік желілердегі терроризм тақырыбындағы скриншоттар итермелеген.
Қазір Telegram әлеуметтік желісіндегі бұл топ өшірілді. Полиция қызметкерлері аталған қылмысқа шетелде жүрген тұлғалардың қатысы бар-жоғы туралы ақпаратты тексеріп жатыр.
Жедел қызмет өкілдерінің оқиға орындарына баруы бойынша келтірілген шығынды өтеу үшін полиция сотқа шағым түсіреді. Оқушының ата-анасы Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
"Мектепте теракт болады" – Қарағанды полициясы хабарлама таратқандарды іздеп жатыр