АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Атырауда қалың қардың еруі салдарынан көшелерді ішінара су басты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, қазір 2000 текше метр су шығарылды. Қала көшелерін жаңбыр мен еріген судан тазартуға 21 арнайы техника жұмылдырылды.
"Арық жүйесінің жоқтығынан бұл оқиға маусымдық сипатқа ие. Жағдай төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында", - делінген хабарламада.
Жұмыс толығымен аяқталғанша жалғасады.