Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек көрсету жобасына дауыс берді

Бұл шешімді 66 сенатор қолдап, 33-і қарсы дауыс берді
Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Украина мен Израильге АҚШ шекарасының қауіпсіздігін күшейту шараларынсыз көмектесу туралы заң жобасы дүйсенбі күні кешке сенатта соңғы процестік дауыс беруден өтіп, енді АҚШ конгресінің жоғарғы палатасының қарауына жіберілді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл шешімді 66 сенатор қолдап, 33-і қарсы дауыс берді. Құжат осы аптада қаралады деп күтілуде және сәрсенбіде ертерек өтуі мүмкін. Заң жобасы Украинаның қажеттіліктері үшін шамамен 60 миллиард доллар және Израиль үшін шамамен 14 миллиард доллар көлемінде қаражат бөлуді қарастырады.
Конгресстің төменгі палатасының спикері Майк Джонсон бұған дейін республикалық партия бақылайтын АҚШ өкілдер палатасы Мексикамен шекараның қауіпсіздігін күшейту туралы ережелері жоқ Украина мен Израильге көмек көрсету туралы заң жобасын қарастырмайтынын мәлімдеген болатын.