АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Алматыдағы көкөніс дүкенінде оқ атқан ер адам ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Белгісіз біреу қолына винтовкаға ұқсас қаруды ұстап кіріп, бір адамға оқ атқан. Ол сөренің арғы жағына тығылған, қолынан қан ағып тұрғаны да көрініп тұр. Ал оның достары қару асынған ер адамды ұстап қалды. Бірақ ол сабырға келмей, жараланған жігітті іздеп болмады
Алматы қалалық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, видеодағы жанжал былтыр желтоқсан айында болған. Бас кезінде бұзақылық бабы бойынша іс тіркелді. Бірақ артынан оны "адам өлтіруге оқталу" бабына ауыстырды.
"Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер де бар. Қажеті сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.