АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар барысында Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.