АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Америкалық журналист Такер Карлсон "Мәскеу Құрама Штаттардағы кез келген қалаға қарағанда таза, қауіпсіз және әдемі" деп мәлімдеді.
"Сәулет, тамақ, қызмет, осының бәрі штаттардың кез-келген қаласына қарағанда жақсы. Нью-Йорктегі адамдар метроға түсуден қорқатын болса, мұнда қандай ұлылық бар?",- деді журналист Дубайдағы Дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде.
Журналист бұл қала қатты таңғалдырғанын жасырмады.
"13 миллион халқы бар Еуропадағы ең үлкен қаланың өз елімдегі кез келген қаладан әлдеқайда әдемі екенін көріп, қатты таңғалдым. Мен бұл туралы білмедім", - деді Карлсон.
Мәскеу уақытымен 9 ақпанға қараған түні америкалық журналист өзінің сайтында Ресей президенті Владимир Путинмен сұхбатты жариялап, кейін оны әлеуметтік желілерде бөлісті.
Сұхбат Кремль сайтында да жарияланды. Карлсонға берген сұхбатында Путин Мәскеудің НАТО елдеріне, атап айтқанда, Польшаға, Латвияға немесе басқа Балтық елдеріне шабуыл жасамайтынын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Ресей басшысы Батыс елдері Ресейдің Украинамен қақтығыста стратегиялық жеңіліске ұшырауы мүмкін емес екенін түсіне бастағанын, сондай-ақ Ресей Федерациясы диалогқа дайын екенін атап өтті.