АЛМАТЫ, 11 ақпан - Sputnik. Ақтауда Қаракөлге қалдық ағынды су төккен "Rixos" қонақ үйіне 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Lada kz.
Әкімшілік айыппұлдарды аймақтың экология департаменті есептеді.
ҚР ӘҚБтК 331-бабының 2-бөлігіне сәйкес қысқартылған өндіріс тәртібімен 1 846 000 теңге сомаға айыппұл есептелген. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл 232 663 теңге болды.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда мыңға жуық аққу қырылып қалды. Осыдан кейін "Rixos" қонақ үйін тексеру басталды. Қаракөл суын талдау нәтижесі бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткені анықталды. Екі әкімшілік іс қозғалды.