ҰҚК Ұлытау облысында аса ірі мөлшерде есірткі жеткізетін арнаны анықтады

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 қаңтар - Sputnik. Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірге аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
2024 жылғы қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік депаратментінің жедел қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен Жезқазған және Сәтпаев қалаларының 4 тұрғынын ұстады.
"Тінту кезінде олардан 20 кг марихуана, 2 кг гашиш, 250 грамм "альфа-PVP" психотроптық заты және 30 "марка" деп аталатын ЛСД есірткісі алынды", - дейді ведомство.
Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.