АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Украина қарулы күштерінің Ресейдің Белгород облысына шабуылы кезінде үш адам жарақат алды. Бұл туралы өңір губернаторы Вячеслав Гладков Telegram каналында хабарлады, деп жазды РИА Новости.
"Грайворонск қалалық округіне қарасты Понуры қыстағының маңына Украина қарулы күштері оқ жаудырды. Снарядтың жарылуы салдарынан үш жұмысшы зардап шекті", - деп жазды ол.
Губернатордың айтуынша, ер адамдарға снарядтың жарықшағы тиген. Олар Белгородтағы №2 ауруханаға жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп түйіндеді Гладков.
Сонымен қатар ол экскаватордың зақымдалғанын атап өтті.
Белгород облысының Грайворонск қалалық округі Украинаның Сумск және Харьков облыстарымен шектеседі және үнемі атқыланады. Кейінгі 24 сағаттың ішінде украин әскерлері Мокрая Орловка ауылын үш миномёт снарядымен атқылаған, ал Дроновка ауылында камикадзе ұшқышсыз ұшағымен жүк көлігіне шабуыл жасаған.⠀