Степногорск қаласы тағы да жылусыз қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 қаңтар - Sputnik. Ақмола облысындағы Степногорск қаласы жергілікті ЖЭО апатына байланысты жылу мен электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әкімдіктің айтуынша бұл жағдай 10 ақпанда болды.
"ЖЭО ақпараты бойынша 10 ақпанда сағат 13.27 – де 220кВ КЕГОК желісі бойынша электр қуаты үзілді, 14.07-де электр энергиясын беру қалпына келтірілді. 14.15-те бесінші энергетикалық қазандық пен су жылыту қазандығын жағу басталды, 14.20-да жылу трассасында айналымды қалпына келтіру үшін желілік сорғы іске қосылды. "Степногорск Теплотранзит" ЖШС сорғыларды іске қосады", - деп хабарлады әкімдік.
Бұған дейін Степногорск аязды күні жылусыз қалған болатын, бірақ ол кезде апат жылу трассасында болды.
Степногорда болған жылу желісіндегі апат жойылды - Ахметжанов