Шығыс Қазақстанда боран салдарынан жолаушылар автобусы жолда қалып қойды

Автобус салонында 23 жолаушы болған, оның ішінде 5-уі – бала
Sputnik
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Новосибирск қаласынан Өскеменгебара жатқан жолаушылар автобусы ауа райының қолайсыздығына, қатты жел мен боранға байланысты жолаушылар автобусы қар құрауында қалып қойды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Автобус салонында 23 жолаушы болған, оның ішінде 5-уі – бала.
Жол қызметі техникасы тазалаумен айналысып, құтқарушылар күрекпен көктайғақпен күресіп жатқанда, адамдар автобуста күтіп отырды.
"Трассаның бір бөлігі ашылғаннан кейін құтқарушылар мен жұмысшылар техникасының сүйемелдеуімен автобус шекара бекетіне жетті", - делінген хабарламада.
Сол жерден ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Өскемен қаласынан келген барлық жолаушыны эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекен - Шемонаиха қаласына жеткізді.
Еске сала кетейік, ШҚО ТЖД 23-28 м/с дейін қатты жел қарлы боран болатыны туралы ақпаратты алдын ала таратқан болатын.