Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Байденмен соңғы рет қашан сөйлескенін айтты

Путин Такер Карлсонға берген сұхбатында 2022 жылдың қаңтарынан бері Байденмен сөйлеспегенін мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Арнайы әскери операция басталар алдында Байденмен болған соңғы жеке әңгімелесу кезінде Ресей президенті Владимир Путин америкалық әріптесіне Киевтегі неонацизмді қолдауы қателік екенін айтты. Бұл туралы Путин әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинап жатқан сұхбатында мәлімдеді.
"Мен онымен соңғы рет арнайы әскери операция басталар алдында сөйлестім. Мен оған сіз Украинада болып жатқан барлық әрекетті қолдап, Ресейді ығыстырып, тарихи ауқымдағы үлкен қателік жасап жатырсыз деп ойлайтынымды айттым", - деді Путин.
Ресей басшысының айтуынша, ол бұл сөзін бірнеше рет қайталап, Байденнің Украинаны қаржыландырып отырғанын айтты.
Сонымен бірге Владимир Путин Джо Байденмен 2022 жылдың ақпанынан кейін сөйлеспегенін, бірақ елдер арасында белгілі бір байланыс бар екенін мәлімдеді.
"Жоқ, біз сөйлескен жоқпыз. Бірақ бізде белгілі бір байланыстар бар", - деді ол америкалық журналистке берген сұхбатында.
Президент америкалық журналист Такер Карлсонмен кездесті. Сұхбат екі сағаттан астам уақытқа созылды.