Қостанай облысында 30 көлік соқтығысты

Қостанай облысында 30 көлік соқтығысты
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Қостанай облысының автжолында 30 көлік соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты 8 ақпанда болған. Қарлы боранның салдарынан жол мүлдем көрінбеген.
"Барлығы 10 республикалық және 17 облыстық жол жабылды. Жабық учаскелерде 400-ге жуық көлік болған. Кеше облыс бойынша 30 көлік соқтығысты. Адам шығыны жоқ", - дейді ведомство.
Автожолдарда 420-дан астам полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге көмек көрсеткен.