Қарағанды облысынды жылқылар белгісіз аурудан қырылып жатыр

Лимфангит ауруы расталып, ауыл тұрғындарына өтемақы төленген
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Төрткүл ауылының тұрғындары жылқылардың жаппай қырылып жатқанына алаңдаулы. Облыстық әкімдік жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, жылқылар көрші Үміткер ауылының малымен араласып жайылып, сол жерден ауру жұқтырған. Ол жерде лимфангит ауруы расталып, ауыл тұрғындарына өтемақы төленген.
Ал мамандар Төрткүл ауылында ауру үш жылқыдан сынама алынғанын айтады.
"Жылқылардан лимфангит ауруына сынамалар алынды. Қазір зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ауру – жұмыр тұяқты жылқы, есек сияқты малдарға тән ауру. Егер ауру анықталған жағдайда ауырған, өлген жылқылар жойылып, карантин енгізіледі. Мал иесіне заң жүзінде тиісті өтемақы төленеді", - дейді "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" басшысы Қайырбек Тұрсынбеков.