АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Владимир Путин украиналық әріптесінің Ресеймен келіссөз жүргізу еркіндігі болды, қазір де мүмкіндік бар деп санайды.
Журналист Владимир Путиннен Владимир Зеленскийдің қақтығысты реттеу бойынша келіссөз жүргізу еркіндігі бар ма деп сұрады.
"Білмеймін. Бұл мәселе бойынша маған баға беру қиын. Бірақ қалай болғанда да ол еркіндік бар және кезінде болды деп ойлаймын", - деп жауап берді ресейлік президент.
Путин Зеленскиймен Украинадағы неонацизм туралы сөйлескенін айтты.
"Бірде мен онымен бұл туралы сөйлестім. Мен "Володя, сен не істеп жатырсың? Әкең фашизмге қарсы соғысқанда, бүгінде Украинадағы неонацистерді неге қолдап отырсың? Ол майдангер болған" деп айттым", - деді Путин.
Бұл ретте Путин Украина президентінің не деп жауап бергенін айтпады. Сонымен бірге ол Зеленскийдің елді бейбітшілікке жетелейді деген Украина халқының үмітімен билікке келгенін мәлімдеді.
Путиннің айтуынша, бірақ президенттік билікке келген Владимир Зеленский "екі нәрсені" түсінді.
"Біріншіден, неонацистермен және ұлтшылдармен жанжалдаспаған дұрыс. Өйткені олар агрессивті және өте белсенді, сондықтан олардан кез келген нәрсені күтуге болады. Екіншіден, АҚШ бастаған Батыс Ресейге қарсы соғысқандарға әрқашан қолдау көрсетеді, сондықтан бұл тиімді және қауіпсіз", - деді Ресей басшысы.
Сондықтан ол өз халқына Украинадағы соғысты аяқтаймыз деп уәде бергенімен, қазір тиімді көзқарасты ұстанып отыр. Ол өз сайлаушыларын алдады, деді Путин.
Ресей президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонмен кездесті. Сұхбат екі сағаттан астам уақытқа созылды.