Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Илон Маск Путиннің Такер Карлсонға берген сұхбатын көруге кеңес берді

Әлеуметтік желі басшысы өз парақшасында сұхбатты өзі тамашалап отырғанын көрсетті
Sputnik
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Илон Маск Ресей президенті Владимир Путиннің америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатын көруге кеңес береді.
Ол өзінің парақшасында миллиондаған аудиторияға өзінің де қосылғанын көрсетіп, сұхбаттың сілтемесін жариялады.
Такер Карлсон 6 ақпанда Ресей басшысынан сұхбат алды. Оның Мәскеудегі Қызыл алаңда алған Путинмен сұхбаты туралы жазбасы бірнеше сағаттың ішінде жүздеген мың қаралым жинады.