АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Бұл құқықбұзушылық фактісі мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған.
Алдын ала келтірілген шығын 90 миллион теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасуда.
Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу басқармасына жолданды.
Осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 миллион теңгеден астам шығынды өтеген.