Жамбыл облысында алаяқтық жолмен субсидия алған басшылар ұсталды

Олар ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 ақпан - Sputnik. Жамбыл облысында 209,9 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Жамьбыл облыстық прокуратурасы.
"Меркі" тәжірибелік шаруашылық" ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ақша жымқырды деген күдікке ілінді.
"Олар ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған. Меркі ауданының прокуратурасы ҚК-тің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасымен "Алаяқтық" бойынша тергеуді бастады", - дейді ведомство.
Бір күдіктіні сот арқылы күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берілсе, екіншісі үйқамаққа алынды.