Фото

Үндістанда көпшілік үйлену тойында 130 жұп некелесті – фото

Үндістанның батысындағы Ахмадабад қаласында көпшілік үйлену тойы өтті. Ғашық 130 жұп бір-біріне мәңгілік махаббат пен адалдыққа ант берді. Қызықты іс-шара туралы толығырақ суреттер топтамасында.
Sputnik
1 / 8

Үндістанда көпшілік үйлену тойы бұрыннан дәстүрге айналып, көп жыл бойы ұйымдастырылып келеді.

Суретте: қолдарына қынамен сурет салған қалыңдықтар Ахмадабадтағы көпшілік үйлену тойында тағы бір жас қалыңдықты қоршап тұр.

2 / 8

Салтанатты шарада күйеу жігіттер дәстүрлі ақ түсті киім киді.

Суретте: дәстүрлі киім киген мұсылман күйеу жігіттер көпшілік тойда отыр.

3 / 8

130 қалыңдық әдемі сари киіп, жүзін жұқа орамалмен жауып, рәсімнің басталуын күтті.

4 / 8

Бұл күні 130 жұп шаңырақ көтерді.

Суретте: Үндістандағы көпшілік үйлену тойындағы мұсылман қалыңдық.

5 / 8

Жаппай неке қию рәсімі Үндістанда ғана емес, бүкіл Шығыста танымал. Мысалы, Қытайда, Индонезияда, Малайзияда, Сингапурда да болады.

Суретте: Ахмадабадтағы көпшілік үйлену тойындағы мұсылман қалыңдық.

6 / 8

Үндістанда үйлену тойы қымбат іс-шара. Сондықтан мұндай шаралар ол елде той маусымында үлкен той жасауға қаражаты жоқ жастарға көмек көрсету акциясы аясында жиі өткізіліп тұрады.

Суретте: Ахмадабадтағы көпшілік үйлену тойында еріктілер қалыңдыққа көмектесіп жатыр.

7 / 8

Бұл Ахмадабадтағы мұсылманша көпшілік үйлену тойы кезінде жас жұбайларға дайындалған сыйлықтар жиынтығы.

8 / 8

Үндістанда көпшілік үйлену тойлары отбасылық өмірге қолайлы күндерде жиі өткізіледі. Суретте: Ахмадабадтағы көпшілік үйлену тойындағы қалыңдықтар.