АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. 7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас денесі табылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция депаратменті.
Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілді. Ал тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
Қазіргі кезде екі баланың анасына іздеу жарияланды. Ол құрбысына хабарласып, балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы айтқан.
Қызылорда облысы тұрғыны Түркістанға балаларымен бірге келіп, пәтерді екі күнге жалдаған.
Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы істің тергеу барысын жеке бақылауына алды.