Үш жылу электр орталығын салуға зейнетақы қорынан ақша алынбайды

Инвесторлардың қаржысы тариф есебінен қайтарылады
Sputnik
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр еліміздің үш қаласында салынатын жылу электр орталықтарын кім қаржыландыратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, үш ЖЭО-ның құрылысына шетелдік инвестиция тартылады.
"Бұл жоба инвесторлар есебінен қаржыландырылады. Шетелдік компаниялармен тиісті келісімге қол қойылды. Оны Самұрық-Энерго және ресейлік Интер РАО компаниясы жүзеге асырады. Ресей Федерациясының технологиялары қолданылады. Зейнетақы қорының қаражаты пайдаланылмайды. Инвесторлардың қаржысы жұмсалады, ол тариф есебінен қайтарылады", - деді Скляр үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте.
Айта кетері, Өскемен, Семей және Көкшетау қалаларында жылу электр орталықтары салынады.
Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін батыл қадам жасаймыз – Бектенов