АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Биыл 9-11 ақпан аралығында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.
"Қытайда көктемді мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 9-11 ақпан аралығында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді. Тұлғалар, көліктер мен жүктер өткізілмейді", - деп хабарлайды ведомство.
Қазақстан – Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерге қатысты өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, дейді комитет өкілдері.