АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Чехияның сыртқы істер министрі Ян Липавский Еуроодақтың жекелеген елдері Украинаға снарядтар сатып алу жөнінде блоктан тыс елдермен келіссөз жүргізіп жатыр, бірақ ЕО деңгейінде әзірге ортақ көзқарас жоқ деп санайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Менің ойымша, мұнымен түрлі елдер айналысып жатыр, бірақ бізде ортақ еуропалық көзқарас жоқ. Идея ЕО-ға негізделген еуропалық көзқарас болуын қалайды", - деді ол CNN арнасының эфирінде.
Еуроодақтың Киевке миллион снаряд жеткізуге уәде беруі аясында Липавский мұндай ниетті оң деп санайтынын, бірақ мемлекеттер оқ-дәрі шығарудағы мүмкіндіктерін шынайы бағалауы керектігін айтты.
Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізіп, "отпен ойнап жатыр" деп мәлімдеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жөнелту ресей-украин келіссөзінің өтуіне кері әсер ететінін айтты. Лавров сондай-ақ АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа "тек қару-жарақ жеткізу арқылы емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдердің аумағында жауынгерлерді даярлау арқылы" тікелей араласып жатқанын мәлімдеді.