АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Астанада бірқатар мектепке қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы елорда әкімдігінің қаулысына сәйкес:
№20 орта мектебіне Шәкен Аймановтың;
№27 мектеп-лицейге Қасым Қайсеновтің;
№38 мектеп-лицейге Әлімхан Ермековтің;
№64 мектеп-лицейге Сұлтанбек Қожановтың;
№94 мектеп-гимназияға Тұрсынбек Кәкішұлының;
№89 мектеп-лицейге Дулат Бабатайұлының;
№44 орта мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың;
№24 орта мектепке Жүсіпбек Аймауытовтың;
№59 мектеп-лицейге Кәрім Мыңбаевтың;
№34 орта мектепке Барлыбек Сырттанұлының;
№63 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның есімі берілді.