Ақтөбе облысында 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды

Жағдай облыс әкімінің бақылауында
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 ақпан - Sputnik. Ақтөбе облысында қатты боранның салдарынан 20-дан астам ауыл электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

"Осы төтенше жағдайға байланысты біз мамандарды тарта отырып, күндіз-түні қалпына келтіру жұмыстарын күшейтілген режимде жүргіземіз. 15 бригада қаладағы жарық өшкен орындарға жіберілді. Барлық қажетті техника мен автомобильдер бар", - дейді әкімдік.

Сондай-ақ электр қуатынсыз қалған кейбір ауылдарға 20 апаттық бригада мен 70-ке жуық техника жіберілді.
Жағдай облыс әкімінің бақылауында, деп жазды ведомство. Жауапты мекемелерге электр энергиясын қалпына келтіру, халықты жарықпен тезірек қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Қосымша ақпаратты тиісті басқармалар мен мекемелер береді, делінген хабарламада.