АЛМАТЫ, 7 ақпан - Sputnik. Ақтөбе әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешіктігіп жатыр. Сондықтан әуежай әкімшілігі жолаушыларға ыңғайлы болу үшін сенім телефонын іске қосты.
Барлық келіп түскен хабарламалар жедел талданады, call-орталықтың қызметкерлері жолаушыларға рейстердің кешігуі бойынша кеңес береді.
"Ақтөбе әуежайы қосымша телефон нөмірлерін қосты, өйткені өңірде ауа райының қолайсыздығы қиындық тудырып тұр", - деді әуежайдың баспасөз қызметі.
Бүгін Әлия Молдағұлова әуежайына ұшып келетін және одан ұшатын 10 рейс жоспарланған, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Ақтөбе әуежайында метеожағдайға байланысты келесі авиакомпаниялардың ұшып келетін және әуе айлағынан ұшып шығатын 4 рейсі кешігіп жатыр:
FlyArystan КС7191 / 7192 Алматы-Ақтөбе-Алматы,
Qazaq Air Iq399 / 395 Астана-Ақтөбе-Атырау,
SCAT DV727 / 728 Астана-Ақтөбе-Астана,
Qazaq Air Iq396 / 400 Атырау-Ақтөбе-Астана.
Толық ақпаратты әуежайдың анықтама қызметінен немесе авиакомпаниялардың call-орталықтарынан білуге болады: +7 7132 73-00-73, +7 7132 73-01-09.