Ақтөбе әуежайы таңға дейін жабылды

Бұған әуе айлағының ұшу-қону алаңындағы метеорологиялық жағдай себеп болып отыр
Sputnik
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе әуежайы 8 ақпанда шамамен таңғы сағат 06:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) әуе кемелерінің ұшуы және қонуына арналған әуе айлағын жапты, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
Тоқтатылған рейстер:
Qazaq Air Iq399 / 395 Астана-Ақтөбе-Атырау;
SCAT DV727 / 728 Астана-Ақтөбе-Астана;
Qazaq Air Iq396 / 400 Атырау-Ақтөбе-Астана.
Кешіктірілген рейстер:
FlyArystan КС7191 / 7192 Алматы-Ақтөбе-Алматы;
Scat Dv11 / 712 Алматы-Ақтөбе-Алматы;
FlyArystan КС7391 / 7392 Астана-Ақтөбе-Астана;
SCAT Dv721 / 722 Астана-Ақтөбе-Астана;
FlyArystan КС7778 / 7777 Ақтау-Ақтөбе-Ақтау.
Әуежайдың хабарлауынша, бұған әуе айлағының ұшу-қону алаңындағы метеорологиялық жағдай себеп болып отыр.
Сондай-ақ, баспасөз қызметі SCAT әуе компаниясының Шарм-Эш-Шейх – Ақтөбе бағыты бойынша ұшып келе жатқан DV5263 рейсі Атыраудың қосалқы әуе айлағына қонғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында қатты боран салдарынан 20-дан астам ауыл электр жарығынсыз қалды.
Ақтөбе облысында 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды