АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Бірінші вице-премьер Роман Скляр "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы 1 наурызда басталатынын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бағдарлама республикалық бюджет пен Отбасы банктің қаржыландыруы есебінен іске қосылады. Әлихан Смайылов айтқан мәселе пысықталды, бекітілген мерзімде жүзеге асырылады", -деді Скляр үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте.
Былтыр қараша айында экс-премьер Әлихан Смайылов журналистерге жаңа "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бірінші наурызда іске қосылатынын мәлімдеген еді.
Бағдарлама шарты бойынша қазақстандықтарға 9%-пен 25 жылға жеңілдетілген ипотека беріледі. Бастапқы жарна – 20%.