АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Шыңғыс Әрінов бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың орнын алмастырды.
Әрінов 1983 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін және Азаматтық авиация академиясын тәмамдаған.
2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін Қазақстан президенті күщет қызметінің бастығы болған еді. Сол жылы мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағын алған.
Сондай-ақ Ғани Бейсенбаев қайтадан Қазақстанның оқу-ағарту министрі болды.Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда Антикордың бұрынғы басшысы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болды. Бектеновтің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынды. Президент бұл таңдауды құптады, сөйтіп депутаттардың келісімін алу үшін Бектеновтің кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізді. Төменгі палатаның 69 депутаты қолдап дауыс берсе, жетеуі қалыс қалды.