АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Тамара Дүйсенованы премьер-министрдің орынбасары қызметіне қайта тағайындалды.
Сондай-ақ Азамат Есқараев та бұрынғы орнын сақтап қалды. Ол Қазақстанның әділет министрі болды.
Еске сала ктеейік, 6 ақпанда Антикордың бұрынғы басшысы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болды. Бектеновтің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынды. Президент бұл таңдауды құптады, сөйтіп депутаттардың келісімін алу үшін Бектеновтің кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізді. Төменгі палатаның 69 депутаты қолдап дауыс берсе, жетеуі қалыс қалды.