Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты қандай жолдар жабылды

Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 769 техника және 1570 адам жұмыс істеп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Ақтөбе облысында – 1 учаске

"Самара-Шымкент" автожолының 776-965 шақырымы, "ЭКО Ойл" жанармай құю станциясынан – Қарабұтақ кентіне дейінгі аралық – 189 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында – 1 учаске

"Үшарал-Достық" тасжолының 84-184 шақырымы, Көктұма станциясынан – Достық станциясына дейінгі аралық – 100 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске

"Орал-Тасқала- РФ шекарасы" жолының 4-104 шақырымы, Орал қаласынан – РФ шекарасына дейінгі аралығы – 100 шақырым. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Қостанай облысында – 1 учаске

"Жезқазған-Петропавл" тасжолының 252-335 шақырымы, Ұлытау облысының шекарасынан – Арқалық қаласына дейін – 83 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Ұлытау облысында – 1 учаске

"Жезқазған-Петропавл" автожолының 137-252 шақырымы, Ұлытау кентінен – Қостанай облысының шекарасына дейін – 115 шақырымы. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 769 техника және 1570 адам жұмыс істеп жатыр.