Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Sputnik
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпан күні үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді, деп хабарлады Ақорда.
"Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан президенті осындай кездесу өткізетінін бұған дейін мәлімдеген болатын.
Кейін ол Италиядағы әлеуетті инвесторлармен кездесіп, Қазақстандажүргізілетін реформалардан құлағдар етті.
"Жақында Қазақстанда маңызды іргелі реформалар басталады, ол біздің экономикамызды едәуір ашық, тұрақты және серпінді етеді", - деді ол.
Оның айтуынша, реформалардың мақсаты – Қазақстанда бизнес жүргізудің стандарттарын, ережелерін және тәжірибесін Ээкономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы деңгейіне жеткізу.