АСТАНА, 5 ақпан - Sputnik. Тоқаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес, ҚР үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын", - делінген Тоқаевтың жарлығында.
Премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.
"Үкіметінің мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін", - делінген құжатта.
Еске сала кетейік, 7 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.