Спорт

Тарихқа енді: қазақстандық спортшылар көркем жүзуден әлем чемпионы атанды

Наргиза Болатова мен Эдуард Ким су спортынан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, сенсация жасады
Sputnik
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Көркем жүзуден алғашқы алтынды қазақстандық спортшылар Наргиза Болатова мен Эдуард Ким жеңіп алды, чемпионаттың баспасөз қызметінің пікірінше, олар Қазақстандағы осы спорт түрінің тарихына енді.
Қазақстандық спортшылар көркем жүзуден әлем чемпионы атанды
"Қазақстан суда жүзуден әлем чемпионатында өзінің алғашқы алтын медалін жеңіп, көркем жүзуден сенсациялық атаққа ие бола отырып, Дохадағы тарихи түнді өткізді", - делінген хабарламада.
Аралас дуэттер арасындағы сайыста (техникалық бағдарлама) біздің спортшылар үздік атанды.
Қытай Қазақстаннан бес ұпайға қалып қойып, екінші орынды иеленді. Ал Мексика 11 ұпай аз жинап, үздік үштікті түйіндеді.